Үкімет әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарайды
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу талқыға түскен тақырып мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Мемлекеттік қызметшілерді елдегі жүйелі өзгерістердің жолбасшысы деген президент, олардың табысы онсыз да айтарлықтай көп емес екенін айтты. Тіпті кей кездерде түнімен жұмыста отыратын маман иелерінің еңбегіне де ерекше тоқталды. Сондықтан сыйақы болмаса, қызметке білікті кадрларды тарту қиын деді.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Үкімет азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы керек. Соған сәйкес тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтар алуға тиіс. Алайда кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл әрине дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр.