Алматыда 155 кітаптың тұсаукесері өтті

Оқырмандар үшін ақжолтай жаңалық!

Алматыда «Абай» баспасынан шыққан 155 кітаптың тұсаукесері өтті. Олардың арасында қазақ әдебиетінің алыптары Абай Құнанбайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Мұхтар Әуезов сынды ақын-жазушылардың еңбектері бар. Сондай-ақ бүгінгі күн қаламгерлерінің де шығармалары жарық көрді. Жиында Bookstagram мобильді қосымшасы да таныстырылды. Ол әртүрлі жанрдағы шығармаларды онлайн оқуға мүмкіндік береді. Болашақта өзге тілдердегі әдебиетпен де толықтырылады екен. Қосымша авторлар, баспалар мен оқырманды бір арнаға тоғыстырады. Сонымен қатар авторлық құқыққа қорған болмақ. Жазушылар баспаның атқарған жұмысы мен бастамасын жоғары бағалап отыр. Айта кетейік, баспа былтыр 35 кітап шығарған.

Мұрат Шаймаран, ақын:

- «Сүмбіле жұлдыз туғанда» деген кітабым шықты. Бұл енді бұрыңғы өлеңдерден сұрыпталғаны бар, жаңа жазылған дүниелер бар, жаңа жазылған поэма бар «Жасыл түн» деген. Қуаныштымын бұл енді мен ғана емес барлық қаламгерлер үшін үлкен бір жақсылық деп ойлаймын. 

Ақберен Елгезек, «Абай» баспасының директоры:

- Бұл жерде енді 40 пайыз анау ұлы ағартушылардан бастап бүкіл қазақтың ауыз әдебиеті, фольклоры бар соның бәрін қосқан кезде бір 40 пайызын құрайды. 40 пайызы кеңес үкіметі мен тәуелсіз замандағы өмір сүрген біздің классик ақын-жазушыларымыз. Содан кейін 20 пайызы жас авторлармен толықтырылып отыр.