Отандық телеөнімге сұраныс артып келеді

Қазақстандықтардың 40 проценттен астамы күн сайын теледидар көреді.

Олар тәулігіне орташа 173 минут теледидар тамашалайды. К-Research Central Asia зерттеу компаниясы жасаған зерттеу қорытындысы осындай. Бұл туралы XVI «Media Құрылтай» алаңында «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасынның орынбасары Данияр Меңілбеков айтты. Телеарна – сенімді ақпарат пен дерек көзі. «Қазақстандық телеарналарды қаржыландыру мен телеөндірістегі мәселелерге» арналған панельдік сессияда Агенттік өкілі телесериал түсіруге жұмсалатын мемлекеттік қаржыландырудың маңызына тоқталды. Елде отандық телехикаяға сұраныс бар. Өз аудиториясы қалыптасты. Мысалы, «Хабар» агенттігінің YouTube арнасындағы «Келінжан» сериалының бес маусымы 323 миллионнан астам рет қаралған. Бұл көрермендердің сапалы отандық тележобаларға деген қызығушылығы артып келе жатқандығын білдіреді.

Данияр Меңілбеков, «Хабар» Агенттігі» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің Хабар агенттігі бүгінгі таңда қаржыландырып отырған сериалдардың шамамен бір сериясының, бір эпизодының құны 11 мен 14 мың доллардың шамасында. Былтырғы түрік әріптеспен сөйлескен кезде олардың бір сериясының өзі 120 мың доллардан 450 мың долларға дейін жетеді. Одан бөлек мемлекеттік қаржыландырудан бөлек мақсатты қаржыландырулар бар. Қорлар арқылы қаржыландырылады. Немесе Россияны алайық оларда 100 мыңның үстінде басталады. Соның бәрі табыс күйінде қайтады деп ойламаймын.