Қазақстандық жеткіншек Париждегі сайыста аккордеонда ойнаудан жеңімпаз атанды
Осы «Әлемдік олжа» байқауының 60 жылдық тарихында бас жүлдені тек ересектер иеленіп келіпті.
Биыл алғаш рет жасөспірім аккордеоншы топ жарды.
Насыр – Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектептің оқушысы. Сондай-ақ аккордеонист Ғалымжан Нарымбетовтың төл шәкірті. Байқау финалында ол Сербия, Украина, Франциядан келген музыканттармен бақ сынасты. Қазылар алқасы Насырдың өнерін жоғары бағалап, өзінің жас тобы бойынша әлемдік байқаудың жеңімпазы деп таныды. Насыр Тарлабек кішкентай болғанына қарамастан әлемдік деңгейдегі түрлі додаларда топ жарып жүр.
Насыр Тарлабек, "CMA Trophee Mondial" халықаралық конкурсының жеңімпазы:
- Менің арманым – өз Қазақстанымды басқа елдерге бірінші қылып қою. Соны армандаймын.
Медет Абдуллаев, Н.Тарлабектің әкесі:
- Тағы да бір қуанышты жаңалығымыз, Ахмет Жұбанов осыдан жарты ғасырдан астам уақыт қой енді, 1964 жылы осы музыкалық мектепті қазақ балаларына арнап ашқан еді. Сол мектепке 60 жыл толып отыр. Насыр екеуміздің осы мектепке сыйлығымыз осы болды. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп тен осындай шәкірт шығып, әлем чемпионы болды.