Түркістан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге ерекше күтім керек – депутат
Түркістан облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді ерекше күтімге алу керек. Парламент Мәжілісінің депутаты Қазбек Исамен кездескен түркістандық зиялы қауым осы мәселені көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Одан бөлек, мемлекеттік тілдің мәртебесі, жемқорлық жайы сөз болды. Жұртшылық соңғы кезде жиі айтылып жүрген айыппұл туралы ұсыныстарын ортаға салды. Депутат жиында көтерілген мәселелерді құзырлы органдарға жеткізіп, өз тарапынан бақылауға алатынын айтты. Сондай-ақ Мәжіліс қараған заңдардың ерекшеліктеріне тоқталды. Оның ішінде Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы бар.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мұнда қасиетті Әзірет Сұлтаннан бастап 400-ге жуық тарихи ескерткіштер жатыр. Олардың бәрін күтіп ұстау, болашаққа аманаттау үшін ерекше мәрте беру керек болды. Сондықтан да жергілікті билікке біз 34 түрлі құзырет бердік. Енді бұл жерде кезкелген құрылыс болсын, сәулет ескерткіші болсын, оның барлығы да осы заңға байланысты өзіміздің ұлттық нақышта жасалады.