Елордада Ерсұлтан Бектұрғановтың «Ғұмырдария» кітабы жарық көрді

Астанада «Ғұмырдария» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ол қоғам қайраткері, саясаткер Ерсұлтан Бектұрғановтың өмір жолы туралы туынды. Көп уақытын мемлекеттік қызметке арнаған ардагер осы кітабы арқылы егемендігіміздің қалыптасу тарихын суреттеуге тырысқан. Онда Қазақстанның дипломатиялық қызметінің құрылуы, әлемнің түкпір-түкпірінде елшіліктерінің ашылуы кезеңіндегі оқиғалар баяндалған. Сонымен қатар Президент әкімшілігіндегі 16 жыл қызметінде атқарылған жұмыстар да қамтылды. Кітап 700 данамен жарық көрді.

Ерсұлтан Бектұрғанов, кітап авторы:

- Сол кезеңдерде менің өмір жолымда кездескен адамдар туралы. Сол адамдардың қандай тәрбиелік мәнісі бар мінезін қабылдау, солардың істеген жақсылықтары туралы айтылған. Енді еңбекпен қатар менің спортта жүргенім жас кезімнен.