Қолданыстағы қуат көздері әйтеуір бір таусылады. Ал ЕХРО-2017 – мемлекет пен өскелең ұрпақтың жарқын болашағын бүгіннен ойлаған бірегей жоба. Бұл – жақында Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында болып, халықаралық көрмені көріп қайтқан Ұлыбритания қазақтары диаспорасының мүшесі Исмаил Кесижидің пайымы. Исмаил Кесижи, Ұлыбритания қазақтары диаспорасының мүшесі: - Жаңа энергия, жаңа техника, «жасыл» энергия біздің ұрпағымыз үшін керек, табиғатымыз үшін керек. Қазақстанды ұрпағымызға жеткізу үшін «жасыл» энергияны ойлауымыз керек. ЕХРО-мен бірге әсем қала Астанада сондай жақсы ғимараттар бар, ертегідей болып келе жатқан қалаға жаңа бір маржан алқа салынды деген ой келді. Бұның бәрі келешекте бізден кейінгі ұрпаққа қалатын ескерткіш деп ойлаймын. Қазақстан ЕҚЫҰ-ны өткізді, одан кейін қысқы Универсиаданы өткіздік, енді ЕХРО өтіп жатыр. Бұлардың бәрін дамыған елдің айнасы деп қабылдауға болады. Еліміз дамып келе жатыр, соның көрсеткіші болар.