Жас әншілердің республикалық байқауы басталды
Халық ақыны Кенен Әзірбаев әндерінен дәстүрлі әншілер арасында республикалық конкурс басталды.
Студенттер арасында ұйымдастырылған байқауға Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан өнерпаздар қатысты.
Сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы Кенен Әзірбаев алтын қорға 130-дан астам ән, 7 күй қалдырған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас жүлде – 700 мың теңге. Сайысқа 40 қатысушы арасынан 25 үміткер іріктеліп алынды. Бірінші турда жеңімпаз атанғандар келесі турға өтеді.
Қайрат Байбосынов, Қазақстанның халық әртісі:
- Республикамыздағы сал-серілерімізді насихаттау. Оның ішінде Кенен Әзірбаевтың әндерін насихаттау керек. Негізі бұрын айтылмай қалды. Арагідік бір-екі әншілер айтатын. Енді осы әндерді жүйеге кіргізу керек қой.
Бақытжан Әзірбаев, К.Әзірбаевтың ұлы:
- Қазақтың белгілі ақыны, Кенен Әзірбаевтың туғаныны 140 жыл толып отыр. Бұл мереке Қазақстанның әр қаласында, облыс орталықтарында әр жерде іс шаралар жүргізіп жатыр. Сол іс-шараның біреуі, мінекей, Астана қаласында тұңғыш рет Кенен Әзірбаев әндерінен конкурс өткізіп жатыр. Конкурстың бір ерекшелігі кәсіпқой әншілер шықпайды. Жастарға арналған.