Қазақстанда жасалған. Отандық ортопедиялық матрастар өндірісі

Әрбір адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқыда өткізеді. Сондықтан таңертең өзіңізді сергек сезініп, күні бойы көңілді жүруіңіз үшін сіз таңдаған матрас та аса маңызды. Бүгін біз ортопедиялық матрастар өндіретін отандық кәсіпорын жайлы сөз етеміз. Онда әр адамның талғамына қарай тауардың 17 түрі жасалады. Айырмашылықтары серіппелерінде. Ендеше сіз сол бір матрасты жасау үшін 336 метр сым керек екенін білесіз бе? Олар қалай жасалады? Өнім сапасы қандай?