Қазақстан эпидахуал бойынша «жасыл аймақта» тұр

Қазақстан «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен, арқаны кеңге салуға келмейді. Өйткені әлемде коронавирус бойынша жағдай әлі де күрделі. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі А.Цой мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елде 156943 науқас вирус жұқтырған және 45946 адамға нақты диагноз қойылған. Бүгінде пациенттердің 87%-і жазылып шыққан. Ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын.