Аққулар Каспийде қыстап жатыр

Маңғыстау облысында жыл сайын 100 мыңға тарта аққу қыстап шығады. Биыл киелі құстар Ақтаудан 20 шақырым жердегі «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи қаумалын мекендеген.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы мамандарының айтуынша, дәл қазір мұнда 16 мыңнан аса аққу бар. Биыл онсызда қысы жылы Ақтауда қар мүлде түспеді деуге болады. Ал аққулар қыстың сәніне айналды. Тамақтандырып, суретке түсіп, қызықтап жатқандар көп. Каспийде қызыл кітапқа енген бұл құстардың сыбырлақ және сұңқылдақ деп аталатын екі түрі қыстайды. Жыл құстары мұнда ақпан айының аяғына дейін аялдайды.

Талғат Әленов, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының маманы:

- Қазіргі таңда Маңғыстау облысына Каспий теңізіне және «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік қаумалына аққу құстары ұшып келіп жатыр. Биыл 2021 жылы көп болған себебі солтүстік мемлекеттерде суық болған жағдайдан, қатты суық болған жағдайдан.