Шымкентте аз қамтылған отбасыларға тегін көмір таратылды

Шымкентте аз қамтылған отбасыларға тегін көмір таратылды

«Жанұяға жылу сыйла». Шымкентте осындай атаумен аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы Қаратау ауданында 1500 мұқтаж жанұя бар. Олар Қайнарбұлақ, Асар-2, Достық, Бозарық елді мекенінде тұрады. Қыстың көзі қырауда игілікті істі қолға алған азаматтар тұрмысы төмен отбасыларға 1,5 тоннадан көмір түсіріп берді. Қатты отынды қаптап, оны әр үйге жеткізіп беруге еріктілер де атсалысты. Тұрғындарға 180 тонна көмір тегін таратылды. Алдағы уақытта жомарт жандардың көмегімен аз қамтылған жанұяларға қыс мезгіліне қажетті қалың киімдер мен азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Светлана Волобуева, қала тұрғыны:

– Биылдыққа көмір түсіре алмадық. Ұлым азғантай болса да қаппен жеткізіп береді. Көмір алатын қаражатымыз да болмады. Осындай қайырымдылыққа атсалысқан барлық азаматқа алғыс айтамын. Халыққа пайдасы тиіп жатыр.