Ертіс өңірінде әскерилер дауыс берді

Ертіс өңірінде әскерилер дауыс берді

Ертіс өңірінде 20-дан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, облыс орталығындағы 5512 әскери бөлімі офицерлер құрамы мен сарбаздарының белсенділігі қызу. Осы уақытта дауыс берушілердің 30%-тен астамы таңдау жасап үлгерді. Отан алдында борыныш өтеп жатқан сарбаздардың басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатыр.

Айта кетейік, аймақта 532 сайлау учаскесі ашық.

Аслан Оразалин, №117 саулау учаскесінің төрағасы:

- Сайлау бас санитарлық дәрігердің нұсқаулары бойынша өткізілуде. Мысалға  сатйсақ, кіреберісте санитайзерлер қойылған. Және де әскери қызметшілердің арақашықтығы сақталуда және де әр әскери қызметші отбасыларымен дауыс беруге келіп отыр.

Хантөре Нұртөре, 5512 әскери бөлімінің сарбазы:

- Әскери қызметті өтеп жатсам да, казармадағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруді жөн көрдім. Олар әрбір азаматтың борышы деп ойлаймын. Осы болашағымыздың қандай болуы сайлауға байланысты деп ойлаймын. Сошл үшін сайлауға келіп, даусы бердім.