Сарапшылар елордадағы сайлау учаскелерінің дайындығын бағалады

Сайлау учаскелері санитарлық талаптарды сақтауға тыңғылықты дайындалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қол жауатын арнайы сұйықтық, маска және қолғаптар қойылған. Көптеген сайлау учаскелерінің алдына дезинфекциялық сұйықтықты бүркитін тоннелдер бар. Ал нысан ішінде бағыт бағдарды көрсететін нұсқаулықтар ілінген. Түркиядан келген халықаралық байқаушылар осыған мән берген. Олардың айтуынша, карантин талаптары қатаң сақтау азаматтардың еркін таңдау жасауына ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқ.

Тугрул Чамаш, халықаралық байқаушы (Түркия):

– Сайлау учаскелеріне келген азаматқа қолайлы жағдай жасалған. Дауыс беру заң шеңберінде жоспарға сай өтіп жатыр. Кіре берісте барлығының дене қызуы тексеріліп, маскасы жоқтарға маска, қолғап үлестіріп жатыр. Бұл маған өте ұнады.