Қарағандыда некесін қидыруға бара жатқан жас жұбайлар сайлау учаскесіне соғып, дауыс берді

Қарағандыда некесін қидыруға бара жатқан жас жұбайлар сайлау учаскесіне соғып, дауыс берді

Қарағандыда некелерін қидыруға бара жатқан жас жұбайлар жолшыбай сайлау учаскесіне соғып, дауыс берді.

Бұл Нұрболаттың 3, ал Қарлығаштың 2-рет сайлауға қатысуы екен. Жастар неке қидыруға 8 желтоқсанда арыз берген. Сондықтан бұл күннің сайлауға дөп түсетінін алдын ала білдік, дейді олар. Ырымдап шаңырақ көтеретін күнді елдегі тарихи оқиғамен байланыстырған. Айтуынша, карантиндік шектеулерге байланысты тойды туған-туыстың арасында, шағын ортада өткізбек.

Нұрболат Нұртай, қала тұрғыны:

- Жоспарымыз осындай тарихи күнге сәйкес келіп қапты. Сондықтан отбасымызды құрап отырып, отбасымызбен бірге сайлауға қатысуды шештік. Әр Қазақстан азаматы белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өзіміз енді кішігірім отбасымызбен атап өтпекпіз.