Мақтааралда карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

Мақтааралда карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері аудан аумағында пневмонияның вирустық түрі мен COVID-19 жұқтырған азаматтар саны күрт көбейді. Аудан көлемінде 14-і мен 28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған шектеу шаралары енгізілді. Сауда орындары мен базарлардың жұмыс уақыты қысқарып, санитарлық талаптар күшейтілді. Тұрғындар көшеде бетперде тағып, антисептик пайдаланып жүруге міндеттелді. Адам көп жиналатын орындарға себепсіз баруға тыйым салынады. Ауданда 27 адам қауіпті вирус жұқтырса, пневманиямен ауырғандар саны 14-ке жеткен. Қазір науқастардың барлығы қажетті ем шараларын қабылдап жатыр. Ал қарым-қатынаста болған азаматтар үй жағдайында оқшауланған.

Алтын Ешанқұлова, аудан әкімінің орынбасары:

– Азаматтар карантиндік талаптарды сақтамай, жан-жаққа баруына байланысты бір-біріне жұғу фактілері орын алып жатыр. Сондықтан базардың ойын-сауық орталықтары, караоке, бильярд, басқа да спорттық алаңдардың барлығына шектеу шаралары енгізіледі. Бізге азаматтарымыздың амандығы, денінің саулығы аса қажет.