Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» өтті

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай қайтадан ушығып барады. Аймақ қазір «қызыл аймаққа» өтті.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша ірі сауда–ойын сауық орталықтары, аумағы 500 шаршы метрден асатын жабық базарлар, фитнес, бассейн, ірі сауна сынды нысандар сенбі, жексенбіде жабылады. Демалыс күндері Петропавл қаласында қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтайды. Жаңа қаулы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы күнге дейін өңірде 9633 адам коронавирус індетін жұқтырған.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Осы уақытта өздеріңіз білетіндей жылдан жылға жедел респираторлық инфекцияның көтерілуі байқалады. Осыған орай қаулыға қол қойылып, ол 21-інен күшіне енеді. Күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. Блокпост жағынан әзірге сұрақ туындап тұрған жоқ. Жалпы осы эпидемологиялық жағдайды қараймыз егер де ары қарай өршіп, күшейтеін болса, онда комиссияның шешімі бойынша сұрақтар қаралуы мүмкін.