Қызылорда облысында алты аңшы адасып кеткен

Қызылорда облысында алты аңшы адасып кеткен

Қызылорда облысында қар құрсауында қалған алты аңшы күн райы күрт бұзылып, қалың қар жауып, ұйытқи соққан жел салдарынан адасып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәуліктен аса уақытта оралмағасын ауылдастары төтенше жағдай департаментіне хабарласқан. Екі арнайы техникамен іздестіру шараларын жүргізген 11 құтқарушы Бірлік ауылынан 48 шақырым жерден аңшыларды тауып алған. Соңғы үш күнде Манап пен Қыраш ауылдарының арасында омбы қарға батып қалған 4 жүк және 3 жеңіл көлік сүйреп шығарылды.

Руслан Қайрақбаев, облыстық ТЖД бастығының м.а.:

– Түркістан облысымен шекаралас тұсында таза жер учаскесіне 6 жеңіл және 7 жүк автокөлігі шығарылды. Одан 14 адам құтқарылып отыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда барлық жолдар ашық.