Президент журналист М.Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты

Президент журналист М.Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын. Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады» делінген көңіл айту жеделхатында.