Ресей президентін ұлықтау рәсімі өтті
Кремльде Ресей президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада Владимир Путин ел халқына ант беріп, бесінші рет мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Ресей президентінің инагурациясы 2000 жылдан бері 7 мамырда өтеді. Биыл ол түс кезінде басталып, шамамен 1 сағатқа созылды.
Айта кетейік, Владимир Путин наурыз айында өткен сайлауда 87,28% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Оның өкілеттігі 2030 жылдың 7 мамырына дейін жалғасады. Ресей конституциясына сәйкес жаңадан сайланған мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінен кейін министрлер кабинеті отставкаға кетеді. Осыдан кейін президент екі апта ішінде Мемлекеттік Думаға жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс.Ф