Орал тұрғыны жатын бөлмесін қару-жарақ цехына айналдырған

Орал тұрғыны жатын бөлмесін қару-жарақ цехына айналдырған

Оралда заңсыз қару-жарақ жасаған 61 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үйіндегі жатын бөлмесін цехқа айналдырған. Күдікті бұған дейін де осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған екен. Оның үйінде қолдан жасалған оқ дәрі, ондаған қару табылды. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.