Шымкентте шектеу шаралары 22 ақпанға дейін ұзартылды

Шымкентте шектеу шаралары 22 ақпанға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин және шектеу шаралары 22 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта букмекерлік кеңселердің және ойын клубтарының, оның ішінде лотерея ойнататын орындардың жұмысына тыйым салынады. Ал қаладағы автовокзалдар мен автобекеттердің жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылады. Автобустың сыйымдылығы да қадағаланады. Ең бастысы, қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 15 адамнан аспауға тиіс. Ендігі жерде облысаралық, қалааралық тұрақты және тұрақты емес туристік автобус және шағын автобустардың жолаушылар тасымалдауына рұқсат етілді. Мектептер үшін оқу жылының үшінші тоқсаны жалғасады. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері екінші семестрді қалыпты жағдайда оқи алады. Сондай-ақ адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым бар. 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылған. Бетперде кию режимі бұрынғысынша сақталады. Сондай-ақ тұрғындар ара қашықтықты ескеруге тиіс.