Елімізде 27 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 27 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

5 ақпандағы мәлімет бойынша 27 480 адам коронавирус инфекциясынан (16 584 КВИ+ және 10 896 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 734 пациент стационарда, 21 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандардың арасында:

  • 265 адамның жағдайы ауыр;
  • 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.