Алматыда кинотеатрлар келушілерді QR-кодпен кіргізуі мүмкін

Алматыда кинотеатрлар келушілерді QR-кодпен кіргізуі мүмкін

Алматы кинотеатрлары келушілерді QR-код бойынша кіргізу жүйесін енгізуге ниетті.

«Қазір кинотеатрлар өздерінің алгоритмін әзірлеуде. Көрермен онлайн-билеттерді сатып алу сатысында қосымшада тіркелуі үшін механизмдерді ойластырып жатыр. Кинотеатр иелерінің пікірінше, бұл кинозалдың барлық көрермендері үшін вирус жұқтыру қаупін азайтады», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева.

Алматыда QR-код бойынша өткізу жүйесі 15 фитнес-орталық, SPA және саунада қолданылып келеді.

Бұған дейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атап өткендей, жұмыс істейтін базарлар, сауда орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге QR-кодтарды енгізудің қажеті жоқ. Бұл шара бизнесін қайта бастай алмайтын салаларға қажет.