419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

  • 367
  • UPD: 09:14, 17.02.2021
Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Хабар 24 телеарнасы