Мәжіліс депутаты АӘК беру жүйесіне өзгерістер керектігін айтты

Мәжіліс депутаты АӘК беру жүйесіне өзгерістер керектігін айтты

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бір жерде 6 ай тіркеуде тұру міндетті.

Алайда, әлеуметтік аз қамтылған жандардың баспанасы болмағандықтан, әр жерде пәтер жалдап жүреді. Салдарынан жәрдемақыдан қағылады. Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне өзгерістер керектігін айтады. Осы орайда Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Мүгедектігі бар жандарға да тіркеу бойынша талап қатаң. Уақытша тіркеуге отырғандарына әлеуметтік жәрдемақы берілмейді. Депутаттың айтуынша, елде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 23 мыңнан аса жетім бала үй кезегінде тұр.