Павлодар облысы «сары» аймаққа өтті

Павлодар облысы «сары» аймаққа өтті

Павлодар облысы коронавирустың таралу қаупі бойынша республикада «қызыл» аймақтан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодар облысы коронавирустың таралу қаупі бойынша республикада «қызыл» аймақтан шықты. Өңір кейінгі 2 ай бойы аталған тізімде болды. Қауіпті індет жұқтырғандар саны күрт өсіп, тәулігіне 200-ден астам адамнан вирус анықталды. Солтүстік өңір енді «сары» аймақта. Онда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.