Елімізде бір күнде КВИ белгілері бар пневмониядан үш адам көз жұмды

20 ақпандағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

18 ақпанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 45 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса, 235 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар – 48 932, 608 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40 336-ға жетті.