Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жалғасты

Тәжірибелі мамандардан жасақталған инженерлік-саперлік топ бүгін іске кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилер арнайы техника және құралдармен толық жабдықталған. Далалық госпиталь ашылды. Ауылшаруашылық жұмыстарының жандануына байланысты егіс алқабы мен жайылымдық жерлер тексеріледі. Табылған заттар полигонға жеткізіліп жойылады.

Айта кетейік, күн суып, тоң қатқан соң аймақта саперлердің жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Алайда қойма аумағын тазарту, жарықшақтарды жинау және сұрыптау жұмыстары жалғасып келді.

Сондай-ақ...