Алматыда «Болашақ механикасы» ІІ халықаралық симпозиум ашылды

Алматыда «Болашақ механикасы» ІІ халықаралық симпозиум ашылды

Алматыда «Болашақ механикасы» атты ІІ Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы ашылды.

Техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Өмірбек Арсланұлының 90 жылдығына арналған іс-шараға АҚШ, Ресей, Франция, Жапония, Түркия, Иран, Ирак, Польша сияқты әлемнің 15 елінен ғалымдар қатысып жатыр. Өмірбек Арсланұлы жоғары механизмдер теориясын жасап, оны тәжірибеге енгізген. Ғалым бірінші болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасап, 400-ден аса ғылыми еңбек жазып, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Сондай-ақ Қазақстан инженерлік академиясының негізін қалады. 5 күндік симпозиумде Өмірбек Арсланұлының ғылыми жетістіктері сараланып, механика ғылымындағы қол жеткен жетістіктер талқыланады. Айта кетерлігі, «Даму» индустриалды аймағында жаңа тәжірибелік-өндірістік базасы жұмыс істеп тұр. Бұл елімізде роботехника саласын дамытуға мүмкіндік бермек.

Мейірбек Молдабеков, ҚР ҰҒА академигі:

- Бұл симпозиумда дүниежүзілік біздің әріптестеріміз жиналып, бір-бірімізбен соңғы жылдары қол жеткізген нәтижелерімізбен алмасамыз. Бір-бірімізге хабар береміз, ынталаймыз. Тәжірибемізбен алмасамыз.