276 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

276 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

Елде 276 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Бұл аймақтарда шамамен 300 мыңдай адам тұрып жатыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ақмола облысындағы Шағалалы су торабында қар мөлшері шекті нормадан 54 процентке асып кеткен. Ал Солтүстіктегі Есіл өзенінде ақ ұлпа жылдағыдан 50 процентке көп. 

Ведомство басшысының айтуынша, 300 елді мекенде тасқынға тосқауыл қойылған.  Дегенмен, ел бойынша қауіп сақталады.