Мүгедектікке байланысты жәрдемақы рәсімдеу тәртібін жеңілдету қолға алынды

Мүгедектікке байланысты тиісті жәрдемақыны рәсімдеу тәртібін жеңілдету қолға алынды. Қазақстандықтар енді түрлі мекемеге барып, қағаздарға қол қойғызбастан тиісті әлеуметтік көмекке қол жеткізе алады. Мұнан бөлек әр отбасының цифрлық картасы жасалады. Осылайша халықтың әл-ауқатын сараптау мүмкін болмақ. Мұның барлығы да әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру арқасында іске асатын жобалар.

Тиісті жәрдемақысын алу үшін мүмкіндігі шектеулі жандар бұдан былай түрлі мекеменің табалдырығын тоздырмайды. Құзырлы органдар мүгедектікті сырттан белгілейтін болады. Яғни жүріс-тұрыспен қатар қағазбастылық та жойылады. Тек мүдделі жандар медициналық мекемеден тиісті анықтамасын алдыртса болғаны.  

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Қалған процестер ақпараттық жүйелердің өзара интеграциясы арқылы адамдардың қатысуынсыз, өтінішсіз, жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтерді және оңалту техникалық құралдарын тағайындауға автоматты түрде мүмкіндік береді. Бүгінгі күні қажет интеграция жұмыстары жасалуда. Соның ішінде тек қана денсаулық сақтау министрлігімен интеграция жұмыстарын бітіру ғана қалды.

Саланы цифрландырудағы жобалардың тағы бірі отбасының цифрлық картасын құру. Оның көмегімен әр жанұяда неше адам барын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз азаматтардың бар-жоғын, баспана, денсаулық сынды әлеуметтік жағдайын анықтауға болады. Қанатқақты жоба шілде айында іске қосылмақ.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Азаматтардың осал санаттары, мемлекеттік әлеуметтік көмек, өзге де қолдау түрлерін алуға өздеріні құқықтығы туралы азаматтардың көбі біле бермейді. Сондықтан негізді мақсат мұқтаж отбасыларға мемлектет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін проактивті, өтінішсіз және уақытылы қанағаттандыруға болатын механизм. Деректер мемлекеттік органдардың автоматты интеграциясы жүйесі негізінде қалыптастырылады.

Цифрландыру әлеуметтік қызметтерді көрсетудегі әкімшілік шығынды едәуір азайтпақ. Мысалы, зейнетақы төлемдерін іске асыруда 4 млн 600 мың теңгені үнемдеуге болады. Вице-министрдің бұны екінші жарты жылдықта іске асыру көзделгенін жеткізді.

Сондай-ақ...