Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды

Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды

Қорам ауылында көлік қағып кеткен 4 оқушының біреуіне бүгін операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер оның оң аяғына арнайы аппарат қойып, сынған сүйегін бекіткен. Ота сәтті өтіп, науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қазір ол анасымен бірге жатыр деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Қалған қыздардың біреуі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылса, екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Арман Жансеңгіров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– 2012 жылғы оқушының бас сүйегі және ішкі ағзасы жарақаттанған. Екінші баланың миы зақымданғаны анықталды. Комада. Үшінші қыз Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатыр.

Жол-көлік оқиғасы наурыздың екісі күні Еңбекшіқазақ ауданында болды. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде жасөспірімдерді қағып кеткен болатын.