Алматы облысындағы Өсек өзенінің бір бөлігі көбіктеніп кетті

Алматы облысындағы Өсек өзенінің бір бөлігі көбіктеніп кетті

Оны қорықшылардың бірі байқап бейнекамераға түсірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада көпірге дейін ағын судың лайланып жатқаны көрінеді. Ал өткелден кейін ақшыл-жасыл түске боялғаны байқалады. Автор көбіктің қалыңдығы 10 см-ге дейін жеткенін әрі жағымсыз иіс шығатынын айтады. Еліміздің экология министрлігі өзенге «Жаркент Крахмал сірне» зауытының қатысы бар деген болжам жасап отыр. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына облыстық экология департаментінің өкілдері барды. Олар топырақ пен судан сынама алған.

Ерасыл Бекжанов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

– Аз мөлшерде ағып жатқан сулардан сынама алынды. Қазіргі таңда департаменттің зертханалы талдамалы бақылау бөлімінің тарапынан өзінің акридеттеу саласына сәйкес 12 түрлі ингридиент бойынша химиялық талдау жүргізіліп жатыр. 5 күннен кейін нәтижелері белгілі болады.