Қызылордалық полицейлер қала тұрғындарына қуаныш сыйлады

Қызылордалық полицейлер қала тұрғындарына қуаныш сыйлады

Құшақ-құшақ гүл алып көшеге шыққан олар коммуналдық қызметте тер төгіп жүрген нәзік жандылар қауымын мерекемен құттықтап, тазалық жұмысына қолғабыс берді. Сондай-ақ көлік тізгіндеген арулар мен облыстық жедел жәрдем қызметкерлеріне де гүл сыйлады. Тәртіп сақшылары ұйытқы болған акция күні бойы жалғасады.

Азамат Оспанов, қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары:

- Қызылорда облысы полиция департаменті атынан халықаралық 8 наурыз әйелдер мейрамымен құттықтаймыз. Қоғамдық қауіпсіздік саласында және денсаулыққа шұғыл көмектесу барысында, басқа да іс-шаралар барысында бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз.