Қызылордалық алаяқ танысын сан соқтырды

Қызылордалық алаяқ танысын сан соқтырды

Қызылорда тұрғыны арзан бағамен пәтер сатып алуға болатынына сеніп, алаяққа 700 мың теңгесін ұстатып жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияға алаяқтық туралы арызбен 50 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен қолжетімді бағамен пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқтың құрбаны болған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 700 000 теңгені құрайды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған, облыс орталығының 1987 жылғы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.