Жерді сатуға біржола тыйым салу туралы заң жобасы Мәжілісте талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін Заң жобасы бүгін Мәжілісте талқыланды.

Аграрлық мәселелер комитеті ол бойынша қорытынды әзірлеуге комитет дайын екенін жеткізді. Депутаттар қаулыны бір ауыздан мақұлдады.

Еске сала кетейік, шетелдіктер мен халықаралық ұйымдарға  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік немесе уақытша пайдалану құқығымен ие болуын тоқтатуды Мемлекет басшысы тапсырған еді.