Коронавирус жұқтырғандар саны неліктен күрт көбейді

Коронавирус жұқтырғандар саны неліктен күрт көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неліктен күрт көбейді?

Бұл сұраққа ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев ОКҚ брифингінде жауап берді.

«Өткен аптада 8 наурыз мерекесі тойланды. Коронавирус жұқтырғандар санының күрт көбеюінің бір факторы – халықтың санитарлық талаптарға бей-жай қарауы, бір-біріне қонаққа баруы, басқа да халық көп жиналатын орындарға баруы. Сонымен қатар қазіргі уақытта ауа райының күрт өзгеріп, көктем мезгілі келгенімен де байланыстырып отырмыз», - деді.