Қ.Тоқаев: Наурыз – жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм парақшасында қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз — біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі.

Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деп жазды Президент.