Қарағанды облысында зейнеткерлер арасында ковид жұқтыру дерегі артты

Қарағанды облысында зейнеткерлер арасында ковид жұқтыру дерегі артты

Қарағанды облысында коронавирусты жұқтыру саны 19,5% артты. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қарағанды облысында 2021 жылдың басынан бері COVID-19-дың зертханалық жолмен расталған 4 827 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 47,6-ны құрады. Репродуктивтік саны Rt 1,048 көрсетуде.

Ақпан айымен салыстырғанда наурызда індетті жұқтыру деңгейі 19,5% артты. Оның басты себептерінің бірі, наурыз айының басындағы мереке күндері халықтың шектеу шараларын бұзуы болған.

Өткен аптада тіркелген жағдайлардың жас ерекшелік және әлеуметтік-кәсіби құрылым бойынша бөлінісі:

- 26,4% - 60 жастан асқан адамдар;

- 18,6% - 14 жасқа дейінгі балалар;

- 50-59 жас шамасындағы еңбекке қабілетті адамдар (13,2%) және 30-39 жас аралығындағы (15,2%) жастар.

Әлеуметтік-кәсіби құрылым бойынша зейнеткерлер (23,9%), жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер (18,3%), жеке кәсіпкерліктер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері (12,9%), мектеп оқушылары (12,7%) әлі де басым.