БҚО-дағы үш ауыл жарықсыз отыр

БҚО-дағы үш ауыл жарықсыз отыр

Батыс Қазақстан облысының үш бірдей елді мекенінде 242 абонент жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ақжайық ауданының Мойылды мен Кордон және Қазталов ауданының Аққурай ауылдары. Жарықтың сөнуіне қатты дауылдан электр желілерінің үзілуі себеп болған. Қазір аталған ауылдарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақта күннің күрт жылынуына байланысты қалың түскен қар еріп жатыр. Оның үстіне жиі жауған жаңбыр да тасқын қаупін күшейте түседі. Жәнібек, Қазталов және Бөкей Ордасының аумағындағы автокөлік жолдарын су шаю жағдайлары тіркелді. Оралда жеке сектордағы үйлер суға кетпеуі үшін бірінші кезекте арықтарды тазарту қажет. Өзендерде әлі мұз қатып жатыр. Бірақ жер үстіндегі тоңның қалыңдығы 50 сантиметрден асады.

«Бұл жайылымдық және шабындық алқаптарға мол су жиналуына мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басқармасының басшысы:

- Ең қауіпті су тасқыны кезінде 26 ауылды шығарып қоямыз. Қазіргі мақсат – біздің де Орал қаласының әкімшілігінің де арықтың ішінен дұрыс жүрмей жатыр. Арықтардың бәрін құбырларын қарап, суды тоқтаптпай өткізуіміз керек. Жұмысты атқарып жатқан мына «Орал – таза қала», біздер сосын алдында Ұлттық ұланның 5517 қосып шақырдық. Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізіп жатсақ та, бірақ суды жинауды да ойлау керек қой. Егер қазір бүкіл суды ағызып жіберсек, малға да су қалмайды. Лимандарда да су болмай қалады.