«Ashyq» жобасына қатысушылар демалыс күндері де жұмыс істей алады

«Ashyq» жобасына қатысушылар демалыс күндері де жұмыс істей алады

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпорындар демалыс күндері де жұмыс істей береді.

Елорда коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұрғанымен, жоба қатысушыларына «сары» аймаққа сай мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов хабарлады. «Ashyq» пилоттық жобасына кіретін фитнес-клубтарға алдын ала жазылып, таңғы 7-ден кешкі 10-ға дейін баруға болады. СПА, бассейн, компьютерлік клубтар мен боулинг-орталықтарға да осындай талаптар қойылған. Нысандардың толық тізімін «Ashyq» қосымшасы арқылы білуге болады.

Еске салайық, бұл қосымша ПТР базасына қосылған. Яғни арнайы QR-код арқылы келушінің коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын бірден анықтауға болады.