Түркістан облысында бағаналары құлаған 34 елді мекенге әлі жарық берілмеген

Түркістан облысында жарықсыз қалған 34 елді мекенге электр қуаты сәуір айының 10-ында беріледі.

Облыстық энергетика басқармасының хабарлауынша, қатты боран салдарынан қараңғылық құшағында қалған 93 елді мекеннің 54-іне жарық берілген. Қазір 25 мыңнан астам тұрғыны бар 34 мекенде құлаған бағаналарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Үш аудан мен екі қалаға қарасты елді мекендерде 5 мыңнан астам бағана құлап, 24 жоғары кернеулі желі үзілген еді. Мың жарымға жуық бағана жаңадан қойылып, үзілген 18 желі қайта тартылды. Мамандар келтірілген шығын көлемі анықталып жатқанын айтады.

«Оңтүстік жарық» мекемесіне тиесілі бағаналарды қалпына келтіруге 500 млн теңгедей қаражат жұмсалған. Жарықшамдарды реттеуге мемлекет есебінен де ақша бөлінген. 

Роза Сариева, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:                

- Қазіргі кезде шығын көлемі анықталды. 260 млн теңге болып отыр. Облыстық бюджеттен 260 млн теңге қарастылып отыр. «КЕГОК» АҚ тарапынан, «Оңтүстік жарық» АҚ тарапынан атқарып жатқан жұмыстарының барлығы өз инвестиция есебінен атқарылып отыр.