425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

  • 177
  • UPD: 10:27, 09.04.2021
Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 321 кәсіпорнында 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 254 нұсқама беріліп, 27,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 947,9 млн теңге төленді.

Хабар 24 телеарнасы