429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аз қазақстандықтар саны 20% көбейді

  • 113
  • UPD: 10:05, 12.04.2021
Табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аз қазақстандықтар саны 20% көбейді

2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылар саны бір жыл ішінде 12%-ке, 140,6 мыңға дейін өсті.

Олар 858,5 мың адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,1% көп, деп хабарлады finprom.kz.

Аймақтар бойынша кірісі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың 19,9%-і Түркістан облысында тұрады: 27,9 мың отбасы. Үштікке Алматы (15,5 мың отбасы, 2019 жылға қарағанда 2,8 есе көп) және Шығыс Қазақстан облысы (11,6 мың отбасы, 2,2%) кірді.

Қарастырылып отырған кезеңде жан басына шаққандағы төменгі күнкөріс деңгейінің орташа құны 34 мың теңгені құрады – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,8% артық.

Хабар 24 телеарнасы