Елорда полицейлері салақ жүргізушілерді тәртіпке шақырудың жаңа амалын тапты

Арнайы рейд барысында көптен бері су көрмеген көліктер тоқтатылып, кір басқан мемлекеттік нөмірді тазалау жүктелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Істі шала-пұла атқару жоқ. Себебі оны тәртіп сақшылары бақылап тұрады. Рейд алдағы уақытта да жалғасады.

«Сондықтан астыңыздағы темір тұлпардың тазалығына мән беріңіз. 15 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайсыз», - деп ескертеді мамандар. Мәселен, 3 айда 400-ден аса салақ жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.