Ш.Осин: Жол салудағы қолданылатын материалдар мен технологияларды өзгерткен жөн

Ш.Осин: Жол салудағы қолданылатын материалдар мен технологияларды өзгерткен жөн

2021-2025 жылдар аралығында облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1 триллион теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражат есебінен шамамен 20 мың шақырым жолды ретке келтіру жоспарда бар. Алайда бүгінгі таңда оларды салу сапасы сын көтермей тұр. Мәжіліс депуттатары Палатаның жалпы отырысында осы мәселені қозғап, Премьер-министрдің орынбасарына сауал жолдады. Құжатта елді мекен тұрғындарының базынасы айтылып, аудандар мен ауылдардағы жолдарға ерекше назар аудару қажеттілігі жазылған. Депутат Шәміл Осин автокөлік қозғалысы жиілегендіктен, жол салудағы қолданылып жатқан материалдар мен технологияларды өзгерткен жөн деп есептейді. Осы орайда, құрылысшыларды таңдаған кезде бағаның төмендігін емес, компанияның тәжірибесін ескерген жөн. Олар жолды салып біткеннен кейін оның сапасына кепіл беру керек. Сонымен қатар сауалда саладағы жаңа технологияларды қамтитын реестрді әзірлеу керектігі көрсетілген.