Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады

Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады

Қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарының есігі екпе аламын деушілерге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егу орталықтары бүгін және ертең, яғни, жексенбіде де жұмыс істейді. Халықты вакциналау таңертеңгі 08:00-ден түн ортасына дейін жалғасады. Азаматтардың қай медициналық мекемеге тіркелгені маңызды емес. Тек қолында жеке куәлігі болуы тиіс. Сауда орталығында коронавирусқа қарсы екпені тегін қабылдай аласыз.