СҚО: Қызылжарда мереке қарсаңында төрт этно-мәдени орталық ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында мереке қарсаңында 4 этно-мәдени орталық ашылды. Бірлігі мен достығы жарасқан халықтар бірден мерекелік шараға қатысып, өздерінің ұлттық құндылықтарын паш етті. Олар көпшілікті немен таңқалдырды?

Қазақ, орыс, украин, беларусь. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шараға ондаған ұлттың өкілдері қатысты. Олардың ұлты басқа болғанымен тілегі бір. Бәрі де бір шаңырақ астында тату – тәтті тұрып жатыр.

Перизат Боранбаева, Чапаево ауылының тұрғыны:

- Біздің ауылда көптеген ұлт өкілдері бар. Түрік, украин, орыс халқы бар. Солардан тарап келіп жатқан кішкентай балаларымен мектепте өз балаларымыз бірге оқып жүр. Сыйлайды. Ондай бір артық оғаш қылықтар көрген жоқпыз. Бір-бірін сыйлайды. 

Жаңадан құрылған ұйымның бірі славян этномәдени орталығы. Олар шараға көненің көзі болған тұрмыстық заттарын әкеліп, көрме ұйымдастырды.

Ольга Колесникова, славян этномәдени орталығының жетекшісі:

- Мына бір айбалтамен бұрын ет өткізген. Біздің ауылда осындай көне заттар өте көп. Қазір оларды жастарға таныстырып жатырмыз.

Этномәдени ұйымдар ұлттық құндылықтарын барынша паш етті. Әрқайсы ұлттық киімдерін киіп, сән үлгісін көрсетті.

«Осындай шаралар олардың ынтымағын нығайта түседі», - дейді ұйымдастырушылар. 

Сара Алдаева, Қызылжар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы:

- Қызылжар ауданында 11 ұлттың басын біріктірген 29 этно-мәдени орталық бар. Мереке қарсаңында олардың қатарына тағы 4 ұйым қосылып отыр. Бәрі де белсенді. Мәдени шаралардың бел ортасынан табылады.

Қазақстан тағдыр тәлкегімен елімізге жер аударған ұлттарды бауырына басты. Бір нанды бөлісті.

«Қазақстан – бұл бізді біріктіретін қасиетті ұғым», - дейді олар.

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев