СҚО-да 100 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

СҚО-да 100 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

СҚО-да полицейлер 100 литр заңсыз алкогольді тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

29 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда полицейлер 100 литрден астам лицензияланбаған құрамында спирті бар өнімді тәркіледі. Алкогольді ауыл тұрғындарының бірі жасырын сатқан. Аталған факті криминалдық полиция қызметкерлері және бес ауылдық округке қызмет көрсететін Чистополье ауылдық поселкелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларының бірлескен тексерісі кезінде анықталды.

Полицейлер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша материал жинастырды. Көлемі 0,5 литрден бес литрге дейін 100-ден астам пластик бөтелке тәркіленді. Сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша материалдар сотқа жолданатын болады.